Ақтөбеде жеке үйдің бірінен төрт адамның мәйіті табылды. Ол – 32 жастағы анасы мен үш бірдей баласы. Үлкені 10 жаста, ал бүлдіршіндер 5 және 2 жаста. Полицияның алдын ала мәліметіне сүйенсек, газдан уланған болуы мүмкін. №22 мектеп мұғалімдері 5-сыныпта оқитын оқушының бірнеше күннен бері сабаққа келмегеніне алаңдаған. Олар үйіне барған, ешкім есік ашпапты. Ұстаздар үш күн қатарынан сабаққа қатыспағаны туралы қалалық білім бөлімі мен полицияға хабарлаған. Тиісті шаралар уақытында қабылданбаған соң, бір аптадан кейін мұғалімдер үй иесімен бірге сол мекенжайға тағы барады.
АЙНАГҮЛ ТАСТЕМІРОВА, №22 МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Анасы ішімдікке салынған, ал әкесі басқа елде жұмыс істейді, сондықтан ол үш баламен жалғыз қалған. Үлкен қызы біздің мектептің 5 «Б» сыныбында оқыды, өте жақсы, сүйкімді, мейірімді, ашық-жарқын, көмектесуге дайын тұратын бала еді. Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші баланы іздеу үшін бүгін тағы да шыққан, уақытша баспана иесінен қандай да бір шара қолдануды сұраған. Үй иесімен бірге терезе арқылы кіріп, сол жерден әйел мен үш баланың мәйітін тапқан.
ӘСЕТ ҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімнің себебі газбен улану болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.