Жамбыл облысында әйел 5-қабаттан екі баласын лақтырып жіберді

Ажалы анасынан бола жаздады. Таразда 36 жастағы әйел көпқабатты үйдің 5-қабатының терезесінен 3 және 5 жастағы екі баласын лақтырып жіберген. Періштесі қағып екеуі тірі қалды. Жатақхананың бірінен құлаған екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Әйелге «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балалардың анасы уақытша ұстау изоляторына қамалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бала құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваның айтуынша, әйел бұған дейін де депрессиялық жағдайда болған. Алайда емдеу толық аяқталмаған.
МӘУЛІМ КЕНЖАЛЫ, КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
— Қыз бала жабық бас-ми жарақатын алған. Оң жақ аяғының сүйегі сынған. Жақ сүйегі де сынған. Өкпесі, бүйрегі соғылған. Денесі сырылған. Ер балада да жағдай сондай. Басы жарақаттанған. Денесі, аяқ-қолы көгерген. Жағдайлары ауыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал