Құлсарыдағы мектепте балта алып жүгірген оқушы үйқамаққа жіберілді

Құлсары қаласындағы мектептің бірінде қатарластарына балта алып жүгірген оқушы сот шешімімен үйқамаққа жіберілді. Жасөспірімді мектепке ата-анасы апарып әкеледі. Сот осылай жүктеген. Жасөспірім бұл оқиғаға дейін психолог маманның алдын ала жүргізген жұмысымен мектепішілік есепке алынған, — дейді облыстық білім басқармасының басшысы. Оның айтуынша, соңғы кездері өңірде балалар арасындағы құқықбұзушылық 80 пайызға өскен. Бұл бойынша тиісті шаралар қабылданатынын айтады.
МАРАТ ӘБУОВ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Атырау облысында, жасырмаймын, соңғы кезде балалар арасында құқықбұзушылықтар көбейіп кетті. Оның 90 пайызға жуығы мектептен тыс жерде, көшеде болып жатқан оқиғалар. «Заң мен тәртіп» аясында ата-аналармен байланыс жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал