Қарағандылық кәсіпкер алаяқтың арбауынан аман қалды. 57 жастағы ер адам 10 миллион теңге аудара жаздаған. Іскер кісі салық есебін тапсыруға дайындалып жүрген. Оған қоңырау шалған әйел өзін мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері ретінде таныстырып, 1414 нөмірінен келген SMS-кодты айтуды сұраған. Ештеңеден күмәнданбаған кәсіпкер тиісті санды айтып береді. Оның шотынан 1 миллион 800 мың теңге аударылған. Және 9 миллион теңгеге несие рәсімделген. Алайда жұмыс уақыты аяқталғандықтан алаяқ барлық операцияны толық аяқтап үлгермеген екен.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.