Конституциялық комиссияның оныншы отырысында волонтёрлік қызмет пен қайырымдылықты қолдау нормасын жаңа Конституцияға енгізу ұсынылды. Ұсыныс авторы – Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, волонтёрлер мен волонтёрлік ұйымдар – қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын, қоғамдық игілікке үлес қосып жүрген белсенді азаматтар, оның ішінде жастар да бар. Комиссияның келесі отырысы 10 ақпанда өтеді.
БАҚЫТ НҰРМҰХАНОВ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Биыл Халықаралық волонтёрлер жылы деп аталып өтуде. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында жария еткен болатын. Комиссия қарауына волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түсті. Волонтерлік қызмет туралы заңды және азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаға маңыздылығын ескере отырып, бұл ұсынысты қолдадық.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.