Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жаңа Конституция жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Жиынға комиссия мүшелерінен бөлек, танымал сарапшылар мен медиаменеджерлер қатысты. Олар Ата Заңда ұсынылып отырған өзгерістерге, соның ішінде сөз бостандығы мен ақпарат еркіндігіне қатысты баяндамалар оқып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
БИБІГҮЛ ЖЕКСЕНБАЙ, СЕНАТ ДЕПУТАТЫ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ МҮШЕСІ:
— Қазақстан жаңа тарихи межеге жақындап келеді. Ел тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер кезеңінде біз Ата заң жобасына тек эмоциямен емес, саяси кемелдік пен азаматтық жауапкершілік тұрғысынан қарауға тиіспіз. Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – жай ғана құқықтық түзету жиынтығы емес. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа қоғамдық келісім, ел дамуының жаңа философиясы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.