Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады. Кездесу барысында Президентке министрліктің биылғы жылға арналған негізгі басымдықтары мен жоспарлары жөнінде жан-жақты ақпарат ұсынылды. Алдымен, халықты жұмыспен қамту бағытындағы жоспарлар туралы баяндады. Атап айтқанда, уақытша шаралармен шектелмей, тұрақты әрі сапалы жұмыс орындарын құруға басымдық берілмек. «Сонымен қатар еңбек ұтқырлығын арттыру, білім беру жүйесі мен еңбек нарығы сұранысы арасындағы байланысты күшейту көзделіп отыр», — деді министр Ертаев. Мемлекет басшысы әлеуметтік қолдаудың шын мәнінде мұқтаж адамдарға жетуіне бақылауды күшейту, зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.