Батыс Қазақстан облысында 405 елді мекен бар, ал түрлі кернеудегі электр желінің ұзындығы 20 500 шақырымнан асады. Қазіргі таңда олардың 75,4 пайызы тозған, бұл тұрғындардың жарықсыз қалуына жиі себеп болып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында 2025–2029 жылдарға арналған энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында өңірде Орал қаласы мен алты ауданның 41 елді мекенін қамтитын, жалпы құны 10 млрд теңге болатын үш жоба іске асырылып жатыр. Жыл соңына дейін бөлінген қаражат толық игеріледі деп жоспарланған.
Айта кетейік, 2023 жылы электр желілерінің тозу деңгейі 82 пайызды құраған. Алдағы кезеңде 14 ауданның 100-ден астам елді мекенін қамтитын, құны 47 млрд теңге болатын жаңа жобаларды жүзеге асыру көзделіп отыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.