Қонаевта қатты дауыл тұрып, бірнеше үйдің шатырын жел ұшырды. Қаладағы жарық шамдардың бағаналары да құлады. Секундына 27 метр жылдамдықпен ұйытқи соққан желден инженерлік желі де бүлінді. Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Бригадалар құлаған ағаш пен шатыр жабындарын жинады. Кей шағын ауданда үзілген электр желілері қалпына келтіріліп жатыр. Қалада электрмен қамту, ауыз су және жылумен жабдықтау жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Ауа райының қолайсыздығынан мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшкен.
АҚЕРКЕ ЖҰМАҒАЗЫ, ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қазіргі таңда барлық ақауды қалпына келтіру бойынша жұмыстар атқарылуда. Келтірілген шығын көлемін есептеліп жатыр. Ол туралы қосымша хабарлаймыз. Осы жолы сегіздей көлікке зақым келген. Толық құнын өтеп беру бойынша қала басшылығы сақтандыру компанияларымен келіссөздер жүргізеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.