Петропавлда қар шығарумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын ЖИ қадағалайды

Петропавлда қар шығарумен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын енді жасанды интеллект қадағалайды. Ол үшін полигондарға ақылды бейнекамера орнатылып, 200-ге жуық техникаға GPS навигатор қойылды. Бұл атқарылған жұмыстың көлемін нақты әрі автоматты түрде есептейді. Ал жауаптылардың айтуынша инновациялық жүйе жемқорлықтың алдын алады.
Қаланы қардан тазарту жұмыстары көбіне түнгі уақытта жүргізіледі. Себебі күндіз көлік қозғалысы көп. Жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін шаhар 9 секторға бөлінген.

Бүгінде Петропавлда қар шығаруға арналған үш полигон бар. Оларға ақылды камера қойылып, барлығы біртұтас жүйеге біріктірілді. Енді әр техниканың маршруты, қанша қар әкелгені автоматты түрде есептеледі. Ал бұл процесстің барлығы «I-Komek» орталығынан бақылауға болады. Елімізде алғаш болып Петропавлда қолға алынған жоба пилоттық режимде жұмыс істеп тұр.

ДАНИЯР МЕДЕЛБЕКОВ, ЖОБА АВТОРЫ:
— Қазір біз жасанды интеллектінің әр техниканы есте сақтауын қамтамсыз етіп жатырмыз. Себебі мердігер көліктің мемлекеттік нөмірін ауыстырып, болашақта жалған ақпарат өткізуі мүмкін. Ондайға енді жол жоқ. Камаз 90 пайыз қарға толмаса, рейс есептелмейді. Яғни жүйені алдау мүмкін емес.
Платформаға барлығы 170 техника енгізілді. Инновациялық жүйе олардың қаладан 288 мың текше метр қар шығарғанын есептеп үлгерді. Ең бастысы, бұлжұмыстың ашықтығын қамтамасыз етіп, бюджет қаржысын үнемдеуге жол ашады.

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ҚАЛА ӘКІМІ:
— Коммуналдық салада сыбайлас жемқорлық тәуекелі көп. Біздің міндет – оның алдын алу. Сондықтан осы жүйені енгіздік. Сондай-ақ қазір жасанды интеллектіні қоқыс шығаруда пайдаланып жатырмыз. Болашақта қаладағы көліктердің орташа жылдамдығын есептейтін ақылды жүйені іске қоспақ жоспарымыз бар.

Бүгінде облыс орталығындағы көше-жол желісінің ұзындығы 366 шақырымнан асады. Қысқы уақытта оларды күтіп ұстап, қар шығаруға бюджеттен 1,3 милилард теңге қаржы бағытталған. Бұл алдығы жылдармен салыстарғанда екі есе аз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал