Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы көшкіннің зардабын жою жүргізіліп жатыр. Жауын-шашын мен топырақтың тым ылғалдануы салдарынан таудың беткейінен топырақ массасы сырғып түсіп, жеке үйдің ауласындағы шатыр мен жеңіл автокөлікке зақым келтірген. ТЖД мәліметі бойынша тұрғын үйлер мен тірек конструкциялар зақымданбаған, ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, әкімшілік өкілдері және «Қазселденқұтқару» мамандары жұмыс істеді. Мамандар тұрақсыз ауа райында жер көшкінінің жоғары қаупі туралы еске салып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.
ЕРКЕБҰЛАН СЕРІКҰЛЫ, ТЖББ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ:
– Талғар ауданы Бесағаш ауылы Бурабай коттедж қалашығы Баянауыл көшесі №8 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің ауласына топырақ қабатының ылғалдануынан топырақ массасының көшуі орын алды. Жалпы көшкін топырақ массасы 465 метр кубты құрайды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 19 жеке құрам, 9 бірлік техника және де жергілікті атқарушы органның күштері мен құралдары, полиция депратаменті мен қызметкерлері жұмылдырылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.