Өскеменде 8 ірі құрылыс компаниясы 177 млн теңге айыппұл төлейді

Өскеменде бірқатар тұрғын үй рұқсат құжатынсыз, тиісті сараптама актлерінсіз салынған. Құрылыс компанияларының қызметіндегі өрескел заңбұзушылықтарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары анықтады. Нәтижесінде, 8 ірі құрылыс компаниясы жалпы сомасы 177 миллион теңге айыппұл төлейді. Тағы 2 мекеме үлескерлерді заңсыз тартқан. Салынып бітпеген тұрғын үй үшін алдын ала төлем ретінде жұрттан шамамен 2 миллиард теңге жиналған. Жергілікті билік жаңа Құрылыс кодексі енгізілгеннен кейін саланы тәртіпке келтірмек. Ол биыл шілде айынан бастап күшіне енеді. Заңға сәйкес, енді цифрлық реестр енгізіліп, жобаға қойылатын сараптама талабы күшейтіледі. Бұл құрылысшылардың жауапкершілігін арттырып, ғимараттардың негізгі конструктивтік элементтеріне берілетін кепілдік мерзімін он жылға дейін ұзартуды көздейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал