Ақтөбеде жеке үйден төрт адамның мәйіті табылды | 09.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ОҚЫС ОҚИҒА
Ақтөбеде жеке үйден төрт адамның мәйіті табылды. Анасы мен үш баласы газдан уланған болуы мүмкін деген болжам бар.

ТЕРЕЗЕДЕН ЛАҚТЫРДЫ
Жамбыл облысында әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген. Бүлдіршіндер тірі қалды, бірақ жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалды.

БІР СӘТТІК ШЕШІМ
10 миллион теңге алаяққа. 57 жастағы кәсіпкер салық тапсыруға байланысты келген SMS-кодты айтып, осынша қаражаттан айырыла жаздады.

ЖАҢА ЖҮЙЕ
Петропавлда қар шығару тиімділігін арттыру үшін инновациялық жүйе енгізілді. Жасанды интеллект техника маршруты мен шығарған қар көлемін бақылайды.

ТОҚСАНДАҒЫ ТАБАНДЫЛЫҚ
Табандылық пен еңбекке адалдық қарттықта кедергі емес. Семейлік 90 жастағы қария жазда ролик теуіп, қыста конькимен сырғанап жүр.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал