Еліміздегі арнайы экономикалық аймақтар өз әлеуетін толық пайдаланып жатқан жоқ. Бұл туралы, Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Президент бұған дейін Жолдауында: «Арнайы экономикалық аймақтар инвестиция тартатын тиімді алаңға айналуы тиіс», — деген еді. Жаңа нормалар, құралдар мен сервистік шешімдер сынақтан өтіп, ел аумағында кеңінен енгізілуі қажет болған. Алайда экономикалық аймақтардың қазіргі жұмыс тәсілі мүлде тиімсіз, яғни ел экономикасының құрылымын өзгертуге қауқарсыз. Соңғы 25 жылда олардың ішкі жалпы өнімге қосқан үлесі 1 пайыздан сәл ғана асады. Сондықтан Президент үш ай ішінде арнайы экономикалық аймақтарды дамытудың жаңа үлгісін бекітуді тапсырды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі инфрақұрылымын дамытуға үш жыл ішінде бір триллион теңге займ қаражатын жұмсау ұсынылып отыр. Алдымен, олардың даму моделін қайта құру керек деп санаймын. Онсыз мұндай ауқымды инвестиция жүйедегі қордаланған мәселелерді шеше алмайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.