Қ. Тоқаев: Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылуы тиіс

Елімізде 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылуы тиіс. Мемлекет басшысы Үкіметке осындай тапсырма берді. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында бір-бірінен бөлек жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар. Президенттің айтуынша, медициналық деректердің бір жүйеге біріктірілмеуі бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуы мен жымқырылуына әкеліп отыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Үкіметке 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысын аяқтауды тапсырамын. Бұл барлық үдеріске бақылау жасап, басынан аяғына дейін қадағалап отыратын жүйе болуға тиіс. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің де барынша ашық болуын қамтамасыз ету керек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал