«Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидаты айқындалып келеді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент осылай деп мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жаңа Конституция жобасына енгізілген нормалар еліміздің саяси жүйесін дамытудағы қисын мен бірізділікті нақтылай түседі. Мемлекет басшысы атап өткендей, конституциялық өзгерістер «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына негізделген.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Соңғы жылдардағы саяси реформаларға кеңінен қарасақ, Қазақстан суперпрезиденттік билік формасынан түбегейлі бас тартып, беделді әрі ықпалды Парламенті бар президенттік республика үлгісіне көшкеніне көз жеткізуге болады. Ұсынылып отырған өзгерістер – осы үдерістің заңды жалғасы».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.