Бақыт Нұрмұханов жаңа Ата заң жобасына қосымша нормаларды енгізу туралы айтты

Конституциялық комиссияның отырысы өтті. Жиында конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Ата заң жобасына жекелеген қосымша нормаларды енгізу туралы айтты. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасы бойынша конституциялық комиссияға әртүрлі ұсыныс келіп түскен.
БАҚЫТ НҰРМҰХАНОВ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Жобаның 14-бабы адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жалпы мәселелеріне арналған. Аталған баптың 2-тармағында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі, олар абсолютті және олардан ешкiм айыра алмайды», — деп көрсетілген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал