Ақтөбе – Орск автожолында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Алға ауданында қар үйінділерінің кесірінен жаппай жол апаты орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, кемінде 10 көлік бір-бірімен соқтығысқан. Полиция департаментінің хабарлауынша, қардың үйіліп қалуынан жүргізуші жүк көлігін басқара алмай қалған. Қазір көлік иелері бір-біріне видео таратып, жолға шықпауға шақырып жатыр.
«ҚазАвтоЖолдың» дерегі бойынша, Ақтөбе – Астрахань бағытындағы жол жабық болған. Алайда кей жүргізушілер белгісіз себептермен сапарға шығып кеткен. Соның арты жаппай жол апатына ұласқан. Үш адам зардап шекті. Бәріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Ал облыстың Қарғалы ауданында қайғылы жол апаты тіркелді. Ақтөбе – Орск автожолында ауа райының қолайсыздығынан Opel жеңіл көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жүк көлігі DAF-пен соқтығысты. Одан жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір республикалық маңызы бар үш автожол жабық. Тағы екі бағыт бойынша қозғалысқа шектеу енгізілді. Сонымен қатар облыстық деңгейдегі 4 жол уақытша жабылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал