Осакаров елді мекенінің маңында 6 көлік жол апатына ұшырады

Тәртіп сақшылары мұз үстінде сырғанап жүр.
Қарағандыда түсірілген бұл бейнежазба жолдың қаншалықты тайғақ әрі қауіпті екенін байқатса керек. Сондықтан жүргізушілерге аса сақ болған жөн. Өңірде дауылды ескерту жарияланған. Қар аралас жаңбыр жауып, жолдың беті көктайғаққа айналған. Осакаров елді мекенінің маңында 6 көлік жол апатына ұшырады. Ауыр жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен. Ішінде Өзбекстанның екі азаматы болған. Олар өз бетімен шыға алмағандықтан, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге тура келген. Полицейлердің сөзінше, жол апаттарының жиіленуіне жылдамдықты шектен тыс асыру және қолайсыз ауа райында жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамау себеп.
МЕДЕТ НҰРМҰХАНОВ, ЖОЛ ПОЛИЦИЯСЫ БАТАЛЬОНЫНЫҢ КОМАНДИРІ:
— Қазіргі таңда жеңіл автокөлік үшін ең жоғары жылдамдық сағатына 60 шақырым деп белгіленді. Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден белгіленген жылдамдық тәртібін қатаң сақтауды, арақашықтықты ұстауды және жолда аса мұқият болуды сұрайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал