Өскеменде су тасқынына қарсы шаралар басталды

Өскеменде су тасқынына қарсы шаралар басталды. Қаланың шеткері аудандарында 27 шақырым арық жүйесі тазартылып жатыр. Жағалау бойын бекіту қолға алынған. Қала аумағынан 4 өзен мен 6 ірі бұлақ ағып өтеді. Қазір ауқымды жұмыстар Үлбі өзенінің бойында жүріп жатыр. Су арнасы мұз құрсауында болғанына қарамастан, мамандар жағаны биіктетуде. Осыған ұқсас шара өңірдің барлық ауданында атқарылып жатыр. Себебі облыс бойынша қауіпті аймақ қатарында 70-тен астам елді мекен бар.
ДИНА БЕКСҰЛТАНОВА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ БАС МАМАНЫ:
— Су тасқынына қарсы іс-шаралар алдыңғы кезеңге жасалған талдауға негізделіп жүргізіліп жатыр. Яғни шешімін күткен мәселе анықталуда. Соған сәйкес, жергілікті атқарушы органдары дер кезінде қажет шараларды қабылдай алады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал