Астанада ер адам әйелді алты ай бойы жүйелі аңдыған

Астанада қала тұрғыны жәбірленушінің қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, алты ай бойы оны жүйелі аңдыған. Байланысты тоқтату туралы талапты, мессенджердегі бұғаттауды да елемеген. Ер адам жәбірленушіні тұрғылықты және жұмыс орны маңында аңдып, келісімінсіз бейнежазбаға түсірген. Психологиялық қысым көрсеткен. Жәбірленуші сотқа жүгінді.
ДИНАРА ТӨКЕЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— Сот үкімімен ол сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылып, моральдық зиянды өтеу міндеттелді. Аталған тұлғаның бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп, оның шарттарын бұзғанын ескере отырып, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал