Ақтөбеде аялдамада шағын кітапхана ашылды

Ақтөбеде қоғамдық көлік аялдамасында шағын кітапхана ашылды. Кез келген тұрғын осы арадан қалаған шығармасын оқып немесе өзінің кітабын әкеліп қалдыра алады. Бұл жоба ақтөбеліктердің қызығушылығын тудырып, үлкен сұранысқа ие болып отыр. Сонымен қатар арнайы QR-кодтар орнатылған стенд бар. Оны сканерлеу арқылы «100 кітап» жобасы аясындағы шығармаларды электронды форматта да оқуға мүмкіндік бар. Ал «Оқыдым, өзгеге бер» идеясының бастамасышысы – Назерке Жәлелова. Ол осы бастама аясында тұрғындардың кітап оқуға деген ынтасын арттырғысы келетінін айтады. Аялдамадағы кітапхананы өз қаражатына ұйымдастырып, әкімдіктен де алдын ала рұқсат алған.
НАЗЕРКЕ ЖӘЛЕЛОВА, ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:
— Басты мақсатымыз – кітап оқуды насихаттау. Қазір көп адамның кітапханаға баруға уақыты жоқ, бірақ қызығушылықтары артқан. Көбіне кітаптарды қазақ тілінде қоямыз. Қазақ ақын-жазушыларының кітаптарын қойдық. Күнде жаңартып, толықтырып отырамыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал