Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ПРЕЗИДЕНТ ПӘРМЕНІ
Үш ай ішінде арнайы экономикалық аймақты дамытудың үлгісі бекітілуі керек. Сонымен қатар 1 желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құрылуы тиіс. Президент Үкіметтің бірлескен отырысында тағы қандай тапсырма берді?
АҢДЫҒАНЫ ҮШІН ҚАМАЛДЫ
Шымкентте екі сталкер қамауға алынды. Олар әйел адамдардың соңына түсіп, әбден мазасын алған. Тіпті біреуі қол көтермек болған. Олардың бұл әрекеттері қылмыстық іс ретінде қарастырылып, тәулік ішінде сотқа жолданды.
ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ ҚАУІП
Жол үстіндегі қауіп. Ақтүтек боранда сапарға шыққандар апатқа ұшырады. Айталық, Ақтөбе – Астрахань тасжолында көктайғақтан тоқтай алмаған он шақты көлік сырғанап барып, бір-біріне соғылған. Төрт адам сапар үстінде жан тапсырды.
ҚҰТЫ ҚАШҚАН ТЕАТР
Оралдағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры үшінші жыл жабық. Күрделі жөндеу бітер емес. Бөлінген қаражат тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кеткен. Ал театр ұжымы қойылым қою үшін әр мекемені бір сығалап жүр.
ПАЙДАЛЫ АЯЛДАМА
«Оқыдым, өзгеге беремін». Ақтөбеде қоғамдық көлік аялдамасында шағын кітапхана ашылды. Кез келген тұрғын қалаған шығармасын оқып, оның орнына өзінің де кітабын қалдыра алады.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.