Алматыдағы №199 мамандандырылған гимназияда уланған оқушылар токсикология бөлімінде ем алып жатыр. Мектептегі қойылымда қолданылған түтін генераторы аяқ астынан бұзылып, салдарынан балалар жаппай тұншыққан. Жөтеліп, көздері жасаурап, жағдайлары нашарлаған. 12 жастағы алты оқушы шұғыл қалалық аурухананың біріне жеткізілді. Қауіпсіздік талабын сақтамаған мұғалім тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мамандар қазір мектептегі ауа құрамын зерттеп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.