Германияда кісі қолынан мерт болған қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваға қатысты іс Ресейдің қарауына берілуі мүмкін. Бұл жөнінде Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты. Оның сөзінше, Қазақстан тарапы Сайлыбаеваның күйеуі мен енесінің азаматтығын анықтау үшін Ресейге тергеу тапсырмасын жолдаған. «Жауап келген бойда тиісті шара қолданамыз», — деді прокурор. Ол Ішкі Істер министрлігі әйелді азаптау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын еске салды. Тергеу жақын арада аяқталады. Ал марқұмның күйеуі мен енесі қайда қашса да, халықаралық іздеуде екенін еске салды.
ҒАЛЫМЖАН ҚОЙГЕЛДИЕВ, БАС ПРОКУРОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Екі адамның азаматтығын анықтау үшін Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды. Ресей де, біз сияқты, өз азаматтарын басқа елге бермейді. Олардың нақты қай елдің азаматы екені анықталғаннан кейін, қылмыстық іс Ресей тарапына жолданады. Іс әрі қарай сол жақта тергеліп, кінәлілер тиісті жазасын алуы үшін шаралар қабылданады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.