Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser, 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары және 44 400 евро. Сот шешімімен бұл дүние мүлік пен қаражат түгел мемлекет пайдасына тәркіленетін болды. Алматы облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері халықаралық іздеуге жарияланды. Оларды қамауға алу туралы сырттай шешім қабылданған. Бүгін қаржы мониторингі агенттігі осындай ақпарат таратты.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— 1Win интернет-платформасы 11 мыңнан аса онлайн ойынға, сондай-ақ спорт және киберспортқа бәс тігуге мүмкіндік берген. Бәс қабылдау және ұтысты төлеу банк карталары, электрон төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған. Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды, сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.