Ерлан Қарин: Конституция – қоғам мен мемлекеттің жаңа үлгісі

Жаңа Конституция жобасын енді «халықтық Конституция» деп айтуға толық негіз бар. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның соңғы отырысында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Оның айтуынша, келіп түскен барлық жүйелі ұсыныстар Конституция мәтінінде көрініс тапқан. «Ата заңның жаңа жобасы тұтас, теңгерімді әрі жан-жақты пысықталған. Сондықтан оны жалпыхалықтық референдумға шығаруға толық негіз бар», – деді отырысқа қатысушылар.

ЕРЛАН ҚАРИН, МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІ, КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Жаңа Конституция жобасын енді халықтық Конституция деп айтуға толық негіз бар. Осылайша біз мемлекет пен қоғам тұтастығының, бірлігінің жаңа үлгісін көрсеттік. Болашақта жаңа Конституция азаматтардың қолдауымен референдумда қабылданса, бұл тек құқықтық құжат емес, жалпыұлттық идея мен құндылықтар тұрғысынан қоғамдық бірліктің іргетасына айналарына сенім білдіргім келеді. Жаңа Конституция мемлекеттік, елдік, ұлттық мүдде тұрғысынан жазылды. Бұл – жаңа Конституцияның бірден-бір ерекшелігі мен артықшылығы. Бұған дейін де айттым, тағы да қайталап айтайын, жаңа Конституция тұңғыш рет о баста қазақ тілінде әзірленді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал