Пәтерге ақшаны енді басқа банкке де жинауға болады. Наурыздың 19-ынан бастап елдегі екінші деңгейлі банктер Отбасы банкінің үлгісімен жұмыс істей бастайды. Оларға арнайы салым ашуға, шот жүргізуге және салымшыларға тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған тұрғын үй, аралық және алдын ала қарыз беруге рұқсат етіледі. Бірақ екінші деңгейлі банктердегі тұрғын үй депозиттерінде мемлекеттің сыйақысы болмайды. Ұлттық банктің түсіндіруінше, жыл сайын берілетін 20 пайыздық мемлекет бонусы тек Отбасы банкте ашылған салымдарға ғана сақталады. Есесіне, коммерциялық сектор тұрғындарға нарыққа икемді, әртүрлі шартты ұсына алады. Отбасы банктегідей жинақ шарттары балдық жүйемен қатаң реттелмейді.
ОЛЖАС РАМАЗАНОВ, ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— Бірыңғай міндетті талаптар, атап айтқанда, жинақтаудың ең төменгі мерзімі мен сомасы немесе депозиттер мен қарыздар бойынша тіркелген мөлшерлемелер белгіленбейді. Осылайша, банктер шарттарды өздері айқындайды. Банктердің шарттары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін, бірақ олар ашық әрі түсінікті түрде жариялануы тиіс.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.