Оралда 24 ауладағы абаттандыру жұмыстары толық аяқталады

Оралда «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында 2023-2025 жылдарға жоспарланған 24 ауладағы абаттандыру жұмыстарын осы жылы толық аяқтау көзделіп отыр. Олардың қатарында бұған дейін басталып, бітпей, жұмыстары тоқтап қалғандары да бар. Қазір тиісті ЖСҚ дайындау барысында әр аула аумағында кездесулер өткізіліп, тұрғындардың қалаулары, ұсыныстары негізінде талқылаулар өтіп жатыр. Содан соң нақты жұмыс ауқымы бекітіледі. Алайда қала бойынша әлі де абаттандыруды қажет ететін орындар жеткілікті. Тіркеуге алынған 537 аумақтағы 180 көп қабатты тұрғын үйлердің ауласы абаттандыру кезегін тосуда. Ол үшін бірнеше миллиардтаған қаражат керек. Бірақ бұл жобалардың барлығын бірдей қаржыландыруға қала қазынасының қалтасы көтермейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал