Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ОҚУШЫЛАР ТҮТІНГЕ УЛАНДЫ
Алматы мектебінің бірінде оқушылар уланып, токсикология бөліміне шұғыл жеткізілді. Педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Улануға не себеп?
ИНТЕРНЕТ-КАЗИНОНЫҢ АҚЫРЫ
Халықаралық іздеу жарияланды. Алматы облысында заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топ мүшелері іздестіріліп жатыр. Тәркіленген мүлік түгелдей қазынаға жіберілді.
ҚАУІПТІ ТАБЫС
Ұлытау облысында әлеуметтік желі арқылы банк картасы мен шотын үшінші тұлғаға берген тұрғындар жазаланып жатыр. Дропперлікпен келген табыстың ақыры осы.
ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВКЕ АУРУХАНА
Солтүстік Қазақстан облысындағы Тайынша қаласында ескі аурухана толықтай жөнделеді. Қайтарылған активтен түскен қаражатқа өңірде тағы қандай ғимарат салынады?
ЕРЕКШЕ ІС
Қостанайлық студенттер мен орнитологтар өңірдегі құстарды зерттеп, тілін меңгеріп, табиғатты бақылаудың жаңа тәсілін көрсетті. Сәлден соң көрсетеміз.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.