Ақтүтек боранда тәртіп сақшысы жалғыз өзі қалың жүргізушіге жол сілтеу үшін 30 шақырым жаяу жүрді. Бұл жағдай Павлодар – Астана бағытындағы жол бойында болған. Жаяу бұрқасын соғып, айналаны қар басты. Таяқ тастам жер көрінбей, ондаған көлік кідіріп қалған. Патрульдік полиция қызметкерлерінде тыным жоқ. Қар құрсауында тұрған көлікті итеріп, астына кептелген қарды күреп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.