Президент республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды

Ел президенті 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Жаңа Ата заңның жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жарияланды. Жарлыққа сәйкес, дауыс беруге елдің жаңа Конституциясының жобасы шығарылады. Азаматтарға қойылатын сұрақтың тұжырымы: «Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» Референдумды дайындау және өткізу Орталық сайлау комиссиясына жүктелді. Ол Референдумның орталық комиссиясы функциясын атқарады, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары қатысады. Үкіметке орталық сайлау комиссиясы және басқа да орталық әрі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, дауыс беруді ұйымдастыру үшін қажетті шараларды қамтамасыз ету тапсырылды. Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал