Орталық сайлау комиссиясы референдумға дейінгі күнді санауды бастады

Орталық сайлау комиссиясы референдумға дейінгі күнді санауды бастады. Алдағы 30 күнге мынадай жоспар құрған. 21 ақпанда референдумға арналған учаскелік комиссия мен дауыс беру учаскесі туралы ақпарат жарияланады. Ал келесі күні сайлаушылар тізімі көпшілікке ұсынылады. 12-14 наурыз аралығында бюллетеньдер өңірлерге жеткізілуі тиіс. 15 наурыз күні дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Ал референдумның қорытынды нәтижелері 21 наурызға дейін жариялануы қажет.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал