Шымкент тұрғындары балаларын мектепке жетектеп апарып, әкелуге көшті. Ауладағы ағаш қалың қарды көтере алмай, бұтағы сынып, ойнап жүрген 10 жасар баланы басып қалды. Осы қайғылы оқиғадан кейін ата-ана мен мұғалімнен маза қашты. Полиция «міндетіне салғырт қарады» деген баппен, қылмыстық іс қозғады. Арнайы комиссия құрылды. Көз жұмған баланың отбасына қажет көмек көрсетіледі. Өйткені ол – бір үйдің жалғыз перзенті әрі анасы жалғызбасты.
КӨРШІСІ:
— Қазір өзімді жаман сезініп тұрмын. Аяқ-қолым дірілдеп тұр. Інімдей жақсы көретін едім. Інім үшін де қорқып тұрмын. Мектептегі апайлары өздеріңіз алып кетіңіздер, өздеріңіз алып келіңіздер деп хабарласып жатыр. Осы жағдайдан кейін мектепке өзіміз апарып, әкетіп жатырмыз.
БАҒЛАН ИСАБЕКОВА, ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Адам өліміне әкеп соққан қызметтік міндеттеріне адал қарамау жайты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.