Жамбыл облысында толассыз қар жауып, жолдағы қозғалысқа шектеу енгізілді

Жамбыл облысында екінші күн толассыз қар жауып, жарты метрден асып кеткен. Ақтүтек бораннан республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді. Жолда қалған жүргізушілерге полицейлер көмек көрсетіп, 100-ден астам арнайы техника тазалауға шығарылды. «Қазгидромет» мамандары ертең де қар жауатынын айтады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Тараз қаласының оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал