Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ
Жаңа Конституция жобасымен таныс болыңыз. Құжат мәтіні көпшілікке жария етілді. Енді 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Орталық сайлау комиссиясы науқанды өткізуге дайындықты бастады.
АҒАШТАН КЕЛГЕН АЖАЛ
Шымкентте ойнап жүрген баланы бұтақ басып қалып, көз жұмды. Бұл қайғылы жағдайға кім жауап береді? Кінәні ауладағы кәрі ағашты уақытылы бұталамаған коммуналдық қызметке жабамыз ба әлде қалың қарды көтере алмаған ағашқа артамыз ба?
КҮН АЙЫҚПАЙ ТҰР
Еліміздің оңтүстігінде күн бұзылып, республикалық маңызы бар жолдар жабылды. Айталық, Жамбыл жақта ат құлағы көрінбейтін ақ боран болып, мыңдаған көлік жол бойында кідіріп тұр. Күн қашан айығады?
АҢДУ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫ
Өзгені аңдуға заң жүзінде тыйым салынғанына жарты жыл өтсе де, әдетінен арыла алмай жүргендер азаймай отыр. Астанада алты ай бойы қыз баланың қыр соңынан қалмай, әр ізін баққан жігіт ұсталды. Енді ол сталкинг үшін жауап береді.
СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН КЕСЕЛ
Елімізде сирек кездесетін ауруды емдеу жыл өткен сайын аспандап барады. Оның ем-домын кез келген адамның қалтасы көтермейді, сондықтан мемлекет қарайласады. Енді бұл мақсатқа бөлінетін қаражатты үнемдеу көзделіп отыр. Сонда сұраусыз жабысқан дертпен қалай күреспек?
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.