Орталық комиссия референдумға қатысушыларға үндеу жариялады

Ресми БАҚ-та Орталық комиссия референдумға қатысушыларға үндеу жариялады. Онда референдумға қатысуға конституциялық құқықтың іске асуының кепілі – сайлауға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу керектігі айтылған. Бұл тізім жергілікті атқарушы орган арқылы тұрақты тіркелген жерінде жасалады. Уақытша тіркелген азаматтар тізімге өтініш берген жағдайда енгізіледі.
27 ақпаннан бастап дауыс беру учаскелерінде өзіңіз туралы деректі тексеруге мүмкіндік беріледі. Дауыс беру учаскесі туралы ақпарат 21 ақпанға дейін жарияланады. Орталық комиссия қазақстандықтарды азаматтық жауапкершілік танытып, 15 наурызда өз таңдауын жасауға шақырды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал