Қазақстанда жаңа Конституция жобасы дайындалып, республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызға белгіленді. Дауыс беру процесін Орталық референдум комиссиясы ұйымдастырады. Жалпы науқан 32 күнге созылады. Бекітілген кестеге сәйкес, 12 ақпан мен 14 наурыз түнгі 12-ге дейін дауыс беруге қатысты үгіт-насихат жүргізіледі. Алдағы референдумда 12 млн 400 мыңнан астам адам дауыс беру құқығына ие. Сол күні республика бойынша 10 413 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. 60-тан аса шет мемлекетте 82 учаске құрылады. Айта кетейін, Ата заң жобасының толық мәтіні мен өзгерістер нұсқасы жуырда жарияланды. Сонымен қатар «Әділетті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыхалықтық коалиция құрылған болатын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.