Алматыда қалың қардың салдарынан кептеліс бірнеше шақырымға созылды

Алматыда жауған қалың қардан көліктер қарбаласып, бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Көктайғақ салдарынан көліктер тайып, жолдан шығып кетіп жатыр. Бір тәулікте 92 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Қаланы қардан тазарту үшін мыңнан астам арнайы техника, сонша жұмысшы және қауіпті учаскелерді бақылайтын мобильді бригадалар жұмылдырылған. Полиция жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы қаласындағы жол ахуалы күрделене түсті. Өткен тәулікте қала көшелерінде 92 жол көлік оқиғасы орын алды. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал