Бұл – Шымкенттің орталық көшесіндегі тұрғындардың жанайқайы. Кеше күні бойы жауған толассыз жауын салдарынан шаһарды су басып, жүріп-тұру қиындаған. Тіпті кейбіреулері жиналған судан үйіне кіре алмай қалғанын айтып шағымданды. Арық-атыз да тасып жатыр. Қала әкімдігі ауа райының қолайсыздығынан тіпті Қошқарата өзенінің тасуы мүмкін деп ескертті. Қазіргі таңда өзенге жақын орналасқан көшелерде тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті билік тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, көлікті қауіпсіз жерге қойып, жеке мүлікті сақтау әрекетіне көшуді сұрады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.