Батыс Қазақстан облысында құмар ойынға құмартқандар қазына қаражатына қол салған. Тек өткен жылы прокуратура органдарының қадағалау актісі негізінде букмерлік кеңселерде бәс тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылған. Ойынға тәуелділіктің соңы мемлекет мүдделеріне елеулі зиян келтіретін ұрлық және өзге де қылмыстарға соқтырады. Құзырлы орган осындай тағы бір фактіні әшкереледі. Аудандық ветеринария бөлімінің есепшісі мекеме қаржысын заңсыз пайдаланып, құмар ойынға бәске тіккен және жаңа автокөлік сатып алған. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі – 118 миллион теңге.
ҚАЙРАТ КҮЛЕКЕШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА ПРОКУРОРЫ:
— Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде. Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Автокөлікті пайдалануға тыйым салынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.