Ақмола облысында түрлі қызмет маманы бірнеше күннен бері өзендегі балықтардың жаппай қырылу себебін анықтай алмай әлек. Зеренді ауданына қарасты Айдабол ауылының маңындағы тоғанда жуырда көптеген су жануарларының өлексесі табылған еді. Оларды бірінші болып тұрғындар байқап қалған. Осыдан кейін экологтар, санитарлық және ветеринарлық мамандар оқиға орнына барып, су мен балықтан сынама алды. Бір күннің ішінде 80 келіден астам өлі балық жиналған. Алдын ала болжам бойынша балықтың қырылуына маусымдық оттегі жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін. Жергілікті спирт зауытынан шыққан лас су түрткі деген де нұсқа да бар.
ГҮЛНАЗ ТҰЙҒЫНОВА, ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ:
— Ақмола облысы Зеренді ауданы Айдабол ауылындағы Айдабол өзенінде балықтардың жаппай қырылуына байланысты департамент 2026 жылдың 10-24 ақпаны аралығында «Айдабұл спирт зауыты» акционерлік қоғамына жоспардан тыс тексеру тағайындады. Тексеру аясында өзен суы мен кәсіпорын тарапынан жіберілетін ағынды сулардан сынамалар алынып, зертханалық талдауға жіберілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.