Астанада ALEM TECH FEST халықаралық фестивалі басталды

Биыл елімізде ALEM TECH FEST – жасанды интеллект, робототехника, IT-жобалар мен стартаптарға арналған ірі технологиялық фестиваль алғаш рет өтіп жатыр. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ауқымды оқиға. Фестивальге әлемнің 7 елінен 5 000-нан астам оқушы қатысуда. Олардың барлығының мақсаты – үздік атанып, басты жүлде АҚШ-тың Хьюстон қаласына жолдама алу.
Астана зияткерлер алаңына айналды. Қырғызстан, Өзбекстан, Туркменістан, соның ішінде Гонконг, Вьетнам және Эстониядан келген жас инженерлер бас қосты. Төрт жастағы өнертапқыштар да осында.

СЫРНАЙ ЖАНАТХАН, ТІЛШІ:
— Бұл – TFO роботы, су астында археологиялық зерттеулер жасайтын инновациялық проект. Бұл робот 300 метрден аса төмен түсіп, мұхит түбі туралы толық ақпарат жинап, оны археологтарға цифрлық форматта ұсынады әрі жер асты картасын жасайды.

Сегіз адамнан тұратын команда алғаш рет қатысып жатыр. Жоба оларға үлкен мүмкіндіктер ашады деп есептейді.

ӘДІЛЖАН ҚЫРЫМ, ШАРАҒА ҚАТЫСУШЫ:
— Су асты археологиясының зерттелуі қазір өте төмен деңгейде, біз осы жобаны істеу арқылы болашақта су асты археологиясын бірнеше деңгейге дейін дамытамыз.
Қатысушылар 8 түрлі бағытта сайысқа түседі. Оның ішінде first бағыт, роботтың түр-түрі сыналады. Бастысы қоғамға пайдалы болуға тиіс.
АСЫЛБЕК МЫРЗАХМЕТ, USTEM FOUNDATION НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ:
— Биылғы маусымның тақырыбы – археология. Орта санаттағы командалар археологтармен бірігіп, осы саладағы мәселелерді инженерия арқылы шешуі керек.
Үздіктері қолданысқа беріледі. Ең мықты деген 16 командасы осы жылдың сәуір айында Хюстанға атанады. Алматыдан келген Alem Innovathion командасы марапатталды. 15 команда бірер сағатта анықталады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал