Астаналықтар қаңтар айына келген коммуналдық төлемге қатысты наразылық білдірді | 13.02.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
Орталық комиссия қазақстандықтарды азаматтық борышын орындап, референдумға қатысуға шақырды. Сондай-ақ дауыс беруге дайындықты пысықтады.

ҚАУІП ӘЛІ СЕЙІЛГЕН ЖОҚ
Ақтөбедегі 5 қабатты жатақхана өртеніп, тұрғындар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді. Бір жыл бұрын апатты деп танылған ғимараттан қауіп әлі сейілмей тұр.

ТЕКСЕРІС БАСТАЛДЫ
Ақмола облысындағы Айдабол ауылында балық жаппай қырылды. Экологтар мен ветеринарлар себебін анықтауға кірісті. Су құрамы мен зауыт қалдығы зерттеледі.

ЗАҢСЫЗ БӘС ТІКТІ
Мемлекет қаржысын құмар ойынға салды. Батыс Қазақстанда аудандық ветеринария есепшісі 118 миллион теңгені заңсыз алып, бәс тіккен. Су жаңа көлік сатып алған.

КҮМІС КЛОУН
Павлодарлық Котенёвтар отбасы Монте-Карлоны бағындырды. Спорттан циркке келген отбасы «Күміс клоун» сыйлығын жеңіп, көрерменнің көзайымына айналды.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал