Алматыда сноубордшы қарға көміліп қалды

Алматыда сноубордшы қарға көміліп қалды. Ол экстремалды әрекет жасау үшін тауға шыққан. Сол кезде көшкін жүрген. Оқиға жайлы серіктесі дереу хабар беріп, Шымбұлақта арнайы құтқару операциясы жүргізілді. Зардап шеккен адамды қар астынан аман алып шықты. Мамандар Алматы тауларында қар көшкіні қаупі әлі де жоғары екенін айтады. Ал спортшылар бұған дейінгі ескертуді елемеген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал