Павлодар облысында әйел жәрдемақы үшін жақындарын жерлемеген

Павлодар облысында жантүршігерлік оқиға. Майқайың кентінде бір үйден ұзақ уақыт жатқан ер мен әйел адамның мәйіттері табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың біреуі шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын қайтыс болған. Бір отбасында жасы үлкен ерлі-зайыпты және олардың бір қызы тұрыпты. Қыздары қатерлі ісікпен ауырып жүрсе де сол кезде жүкті болған. Дәрігерлер оған бала тумауға кеңес берген, бірақ ол оларды тыңдамай, босанған. Кейін қатерлі ісікке қарсы ем қабылдаған. Арада екі жыл өткен соң қайтыс болған. Алайда ата-анасы бұл туралы ешкімге айтпай, қыздарына берілетін жәрдемақыны алуды жалғастыра берген. Кейін әкесі де қайтыс болады, бірақ әжесі бұл туралы да ешкімге хабарламаған. Ол әрі қызының, әрі күйеуінің жәрдемақысын алып жүрген. Ал қызынан туған бала сол үйде өскен. Ол екі мәйіт жатқан бөлмеде ойнап жүрген. Балабақшаға бармаған. Әжесі оған сыртқа шығуға, балалармен ойнауға рұқсат бермеген. Сондай-ақ ешкімді үйге кіргізбеген.
СӘУЛЕ ШӘКЕНОВА, БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК УӘКІЛ:
— Қазіргі уақытта баланың заңды өкілдері болмау себепті Майқайың ауруханасының балалар бөлімінде жатыр. Анасы қайтыс болған. Кемінде 3 күн сол жерде болып, осы уақыт оның жағдайы бағаланады. Балақай жасына сай дамып келеді, бүгін тура 6 жасқа толды. Қазір баланың психоэмоционалдық жағдайы тұрақты. Мамандардан бөлек, балалар психологы да жұмыс істеп жатыр. Барлық рәсім сақталған соң, Екібастұз қаласындағы «Балаларды қолдау» орталығына орналастырылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал