Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдай қызметкерлдері өңірде тұрмыстық өрттің өршіп тұрғанын айтады. Жеке тұрғын үйлер орналасқан аудандарда күніне кемінде осындай бір оқиға болады. Бір айда өңірде 116 өрт шықса, 10 адам қаза болған, тағы алтауы газға тұншыққан. Осы жылы құтқарушылар өрт қауіпсіздігіне қатысты 80 мыңнан астам жеке үйді тексеріп шықты. Нәтижесі көңіл көншітпейді. Әрбір үшінші үйдің пешінен ақау анықталған. Баспаналардағы электр желілері әбден тозған. Жылу желілерінде де ақау көп. Әсіресе түтін мұржалары бітеліп қалады.
МЕДЕТ МҰҚАШЕВ, ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Тексерілген әрбір үшінші үйдің жылыту және электр желілерінде ақаулықтар бар екендігі анықталды. Жыл басталғалы 80 мыңнан астам үйді аралап, 245 рет халықпен кездесулер өткізілді. Оған 7 мыңнан астам тұрғын қатысты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.