Ақтөбедегі апатты жағдайда тұрған жатақханаға жарық берілді

Ақтөбедегі апатты жағдайда тұрған жатақханаға жарық берілді. Бұл үйдің электр сымдарынан от шығып, арты өртке ұласқанын айтқан едік. Қазір 100-ден астам бөлмесі бар жатақхананың ескі сымдары жөнделіп, жаңасына ауыстырылды. Жұмысты аудан әкімдігі демеушілер есебінен жасаған. Ал ыстық тамақты еріктілер әкелді. Олар демалыс күндері жатақхана тұрғындарын тамақтандырып, қажет заттарын жеткізіп тұрған. Астана ауданы әкімінің айтуынша, әдетте мұндай жағдайда мемлекет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмейді. Әйтсе де қиын жағдайда қалған жұртқа шенеуніктер қол ұшын созған. Өрттен зардап шеккендерге уақытша баспана ұсынылғанымен, көшіп баруға ешкім келіспеген. Себебі жатақханада жылу бар, тек жарық болмаған. Ал ондағы өрт өткен жұма күні, күндізгі он бірлер шамасында тұтанғанын еске сала кетейін. Ондаған тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды, зардап шеккендер жоқ. Бөлме иелері «Отбасы банк» арқылы «мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспанаға мұқтаж азаматтар» санаты бойынша кезекке тұруға құқылы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал