Теміртаудағы балалар ауруханасында емделіп жатқан бүлдіршіндердің ата-аналары, ғимараттың суықтығы мен көгеріп кеткен қабырғаларға шағымданды. Олардың айтуынша, суық салдарынан балалар екі көрпе жамылып, киіммен ұйықтауға мәжбүр. Ғимараттың кейбір жерлерінде төбеден су сорғалайды. Көптен бері жөндеу көрмегендіктен, қабырға көгеріп кеткен. Осының салдарынан жөтел тиген баланың оңалып кетуі қиын. Тұрғындар ғимаратты шұғыл жөндеуді немесе балаларды басқа жаққа ауыстыруды сұрайды. Ал аурухана басшылығы қазір кезең-кезеңмен жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлады. Ондағы санитарлық-эпидемиологиялық режим талапқа сай дейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.