Қ. Тоқаев В. Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары Қазақстан – Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады. Жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады. Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал